Әкімшілік рәсімдік процестік кодекс бойынша ақшалай өндіріп алу негіздерінің тиімділігі
- Налогообложение в Казахстане
- Налогообложение в мире
- О налоговых программах
- СМИ о нас
- Статьи гос. органов
- 24.02.2024
- |
- 0
- |
- 352
- |
Әкімшілік рәсімдік процестік кодекс бойынша ақшалай өндіріп алу негіздерінің тиімділігі
Процестік мәжбүрлеудің және процестік тәртіпті қолданудың пәрменді шарасы ақшалай өндіріп алу, процеске қатысушылардың және өзгеде адамдардың процесстік міндеттерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны, жария құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау үшін процестік жауаптылықты қамтамасыз ету үшін әкімшілік сот ӘРПК-те белгіленген тәртіпппен қолданатын мүліктік санкциялар.
Ақшалай өндіріп алуды қолдану тәртібі мен негіздері ӘРПК-тің 124 және 127 баптарында көзделген. Ақшалай өндіріп алуды жеке, лауазымды адамға, заңды тұлғаға және оның өкіліне 10-нан 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде қолданады. Сот ұйғарым шығарады және ақшалай өндіріп алу қолданылатын адамға береді. Қолдану туралы мәселе өзіне қатысты мәжбүрлеу шарасы қолданылатын адамға алдын ала хабарлай отырып, сот отырысында жүргізіледі.
Төлем ұйғарым берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттің кірісіне өндіріліп алынады. Сот орындауды 2 айға дейінгі мерзімге кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігі; мұндай жазаны қолдану адамды орындамағаны үшін көрсетілген жаза қолданылған тиісті міндетті орындаудан босатпайды.
Ұйғарымға шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды, мұндай ұйғарымға шағымдану мүмкіндігін қолданылған жаза орындалғаннан кейін жол беріледі.
Рұқсат етіледі:
-10 АЕК-ке ұлғайтылған мөлшерде қайта салу;
- адамның өтініші бойынша оны төлеуден босату немесе ақшалай өндіріп алу мөлшерін азайту мүмкіндігі.
Бұл ретте сот мынадай бұзушылықтар үшін ақшалай жаза қолдануға құқылы:
-іс жүргізу құқығын теріс пайдалану (10 АЕК)
-іс жүргізу міндеттерін орындамау, оның ішінде дәлелдемелер ұсынылған, сот белгіленген мерзімді бұза отырып тапсырмаларды дәлелсіз орындаған жағдайларда, егер бұл әкімшілік істі қарауды кешіктіруге әкеп соқтырса, әрбір іс-(әрекетсіздік) үшін (10 АЕК);
-соттың талабын, сұрау салуын орындамау (20 АЕК);
-әкімшілік іске қатысатын адамның сотқа келмеуі (20 АЕК);
-соттың уақтылы хабарламауы (20 АЕК);
-ұсыну немесе уақтылы емес пікір ұсыну (20 АЕК);
-сот отырысында төрағаның өкімдеріне бағынбау, сотта белгіленген ережелерді бұзу (20 АЕК);
-сотты және (немесе) сдьяны құрметтемеу туралы анық куәландыратын өзгеде әрекеттер (әрекетсіздік) (20 АЕК);
-тараптардың партисспативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы келісімін(50 АЕК) бекіті туралы сот шешемін, сот ұйғарымын орындамауы.
Атап айтсақ өткен жылы іске Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі ретінде жауапкер болып қатысқан бөлім қызметкеріне сот сұратқан мәліметтер мен материалдарды уақытында орындамағаны үшін Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйғарымымен 20 АЕК (69 000 тенге) мөлшерінде ақшалай өндіріп алу жазасы қолданылды. Осыған орай процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану қатысушылардың және өзгеде адамдардың іс жүргізу міндеттерін орындау кезінде қателіктерді болдырмауға, іске қатысушы тұлғаларды тәртіпке тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Заң талаптары сақтала отырып, дәл тағайындалған жаза өз жемісін берері хақ.
Бір жазаны саралау арқылы жаза тағайындалғаннан кейінгі жауаптылықтың қаншалықты жоғары екенін көруге болады.
Жалпы алғанда, ақшалай жаза қолдану бөлігінде Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінің нормаларын қолдану практикасы дамыды және әкімшілік сот ісін жүргізудің барлық қатысушыларын тәртіпке келтіретін сұрақтарды болдырмайды.
Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің
Алматы ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер Басқармасы
Комментарии