«Кеден заңнамасын бұзу кезіндегі құқықтық салдар»
- Налогообложение в Казахстане
- Налогообложение в мире
- О налоговых программах
- СМИ о нас
- Статьи гос. органов
- 25.05.2015
- |
- 0
- |
- 1528
- |
Жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі:
- Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісіммен (2010 жылғы 18 маусым) регламенттелген.
Осы Келісімге сәйкес кедендік құны 1500 евроға (әуе көлігі үшін 10 000 евро) баламалы сомадан аспайтын және жалпы салмағы 50 килограмнан аспайтынжеке пайдалануға арналған тауарлар (этил спиртін қоспағанда) кедендік декларациялаудан және кедендік төлемдерден босатылады.
Жоғарыда көрсетілген Келісіммен бірге қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №250 бұйрығымен Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлері бекітілді.
Көрсетілген бұйрықпен кедендік шекара арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлері, сондай-ақ кедендік шекара арқылы жеке тұлғаның және (немесе) оныңтауарларды өткізужиілігі белгіленген(айына 1 рет).
Аталған критерийлер тек алып жүрілетін және алып жүрілмейтін багаждарға қатысты қарастырылған, тасымалдаушы жеткізген жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібін реттемейді.
Егер де өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар белгіленген критерийлерден асса, көрсетілген тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан республикасы кодексінің 467-бабына сәйкес кедендік декларациялауға жатады.
Кедендік шекараны өтуі кезінде кедендік декларациялауға жататын тауарларды жеке тұлғаның белгіленген нысанда декларацияламау фактісі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы»Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік өндіріп алуға әкеледі.
Егер де жеке тұлға өткізетін декларацияланбаған тауарлардың құны 5 000 айлық есептік көрсеткіштен асса (2015 жылы – 1 АЕК – 1982 теңге) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234-бабының 1-бөлігінің санкциясымен мүлікті тәркілеумен 90 тәулікке дейін тыйым салу түрінде қылмыстық жаза көзделген.
Декларацияланбаған тауар құны 10 000 АЕК асқан фактілерде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің234-бабының 2-бөлігінің санкциясымен мүлікті конфискациялаумен 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген.
Кеден одағы және Қазақстан Республикасы кедендік заңнамасының ережелері туралы қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Сall – center»-не 1412 номері бойынша қоңырау шалу арқылы (қоңырау шалу тегін), немесе аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында білуге болады.
Комментарии