Камералдық бақылау бойынша өзгерістер
- 18.12.2019
- |
- 0
- |
- 1083
- |
Камералдық бақылау бойынша өзгерістер
Нұр – Сұлтан қаласының Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ЗРК Қазақстан Республикасы Кодексі (Салық кодексі) негізгі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап
96-бапқа мынадай өзгерістер енгізілді:
камералдық бақылау нәтижелерi бойынша хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімнің нысаны және оны шығару мерзімдері белгіленді;
салық төлеушіге (салық агентіне) камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімге шағымдану құқығы берілді;
ақылға қонымды себеппен шағымға өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру салық төлеушінің өтініш беру құқығын берді;
шағымды қарау кезінде шешім қабылданғанға дейін камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімге шағым берген кезде салық төлеушінің (салық агенті) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінің әрекет етуі тоқтатылды
камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімге шағымды беру (жоғары тұрған салық органы және (немесе) уәкілетті орган немесе сотқа) және қарау кезеңінде салық органымен жоспардан тыс салықтық тексеріс тағайындау тоқтатылды.
Автор: Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы. Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі
Комментарии