Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импортталуы бойынша
- 22.10.2019
- |
- 0
- |
- 888
- |
Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импортталуы бойынша
Бүгінгі күні Комитеттің Экспортты бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен (бұдан әрі – ҚР ҰҚҚ ШҚ) бірлесіп Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен және Қырғыз Республикасымен тоғысқан мемлектеттік шекарасының өткізу пунктерінде тауралардың (жүктердің) өткізілуінне бақылау жүргізуде.
Аталған бақылауды орындау кезінде тауарларды тасымалдаушыларға Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) аумағынан Қазақстан Рсепубликасының аумағына импортталатын тауарлардың құнынан келесі салықтық кезеңге дейінгі айдың 20-нан кешікпей бюджетке 12% қосылған құн салығы төленетіні туралы ескерту қағаздарын тапсыру қажет.
Сонымен бірге, тұрғылықты жері бойынша салық органына келесі салықтық кезеңге дейінгі айдың 20-нан кешікпей қағаз нұсқасында және электронды түрде не тек электронды түрде импортталған тауарлар бойынша жанама салық туралы декларацияны (320.00 н.) тапсыруы, аталған декларациямен бір уақытта салық төлеуші Тауарды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтінішті (328.00 н.) қағаз нұсқасында (төрт данада) және электронды түрде, не тек электронды түрде салық органдарына ұсынуының міндеттілігін ескерту қажет (ескерту қағаздарының мемлекеттік және орыс тілінде қосымшада).
Бұдан бөлек, жергілікті Департаменттер өзінің аумағында тіркелген және ЕАЭО аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаумен және тасымалдаумен айналысатын салық төлеушілерге ЕАЭО аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау мен 105115 бюджеттік коды бойынша қосылған құн салығын төлеу мен салықтық есептіліктерін салық органдарына табыстау ерекшеліктері бойынша түсіндірмелер, семинарлар жүргізуді тапсырамын.
Автор: Әуезов ауданы бойынша МКБ, кедендік одақ шеңберінде жанама салықтарын әкімшіліктендіру бөлімінің бас маманы Бакиров С.Б.
Комментарии