Электрондық сауда.
- 05.02.2020
- |
- 0
- |
- 973
- |
Электрондық сауда.
Тауарлармен электрондық сауда жасау ол дегеніміз егер бір мезгілде төмендегі шарттар орындалған кезде:
- тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
- тауарлар үшін төлеу ақысы қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;
- тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі.
Интернет-алаң – тауарлармен электрондық сауданы ұйымдастыру бойынша делдалдық қызметтер көрсететін, Интернетте орналастырылған ақпараттық жүйе.
Интернет-дүкен – тауарларды өз интернет-ресурсында өткізуге арналған, Интернетте орналастырылған ақпараттық жүйе.
Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру үшін жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға қажет.
Автор: Түрксіб ауданы бойынша кірістер басқармасы бас маман Сейдахметов Н.Б
Комментарии