Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату

  • 30.11.2017
  • |
  • 0
  • |
  • 4156
  • |
  • 0

Дата письма 30.11.2017

Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату

     1. Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату Салық Кодекстің 586-бабында белгіленген камералдық бақылау жүргізілмей:

      1) салық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішінің негізінде

      2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште немесе патент құнының есеп-қисабында қамтылған жазбаша келісімнің негізінде жүзеге асырылады.

  2. Қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

      1) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;

      2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;

      3) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлері бойынша табыстар мен шығыстардың, мүліктің бөлек есепке алынуын қолданатын бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылмайтын;

      4) осы Кодекстің 574-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;

      5) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарында жоқ;

      6) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оралмандар болып табылатын дара кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.

3. Дара кәсіпкер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі

Салық төлеуші қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде дара кәсіпкер өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

      1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

      2) таратудың салық есептілігін;

      3) бақылау-касса машинасын (ол болған кезде) есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

 

    4.  Салық органы дара кәсіпкердің  салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.

Автор: Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу, салықтық тіркеу бөлімінің бас маманы Копабаева Д.К.

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!