Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі

  • 16.03.2021
  • |
  • 0
  • |
  • 1981
  • |
  • 0

Дата письма 16.03.2021

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі

 

2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап 2023 жылға дейін бөлшек салықтың жаңа арнаулы салық режимі (бұдан әрі – режим) енгізіледі.

Мәселен, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)» 696-1-бабының 1-тармағына сәйкес бөлшек салықтың арнаулы салық режимін салық төлеушілер, егер олар:

1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып танылады;

2) осы режимді қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асырады.

«Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерінің тізбесін айқындау туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы 2021 жылғы 2 ақпанында қабылданды.

Салық кодексінің 679 – бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жаңадан құрылғандарды қоспағанда, салық төлеуші қолдану шарттарына сәйкес болған кезде салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен немесе өзге де арнаулы салық режимінен бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне өтуге құқылы.

Бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне көшу үшін салық төлеуші қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны орналасқан жері бойынша салық органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы береді.

Салық кодексінің 679-бабының 8-тармағына сәйкес арнаулы салық режиміне көшу қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап жүргізіледі. Үкіметтің қаулысы ағымдағы жылдың ақпан айында қабылданғанын ескере отырып, салық төлеушілер қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап, тиісінше, бөлшек салықты АСР қолдану басталатын күн ағымдағы жылдың 1 наурызынан ерте емес күндер болады.

Осылайша, бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану туралы хабарлама берілген айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап мүмкін болады.

Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын және бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға көшуге ниет білдірген салық төлеушілер үшін қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару рәсімі көзделген.

Осылайша, Салық кодексінің 85-бабының 1-тармағына сәйкес, қосылған құн салығын төлеушілер бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне ауысуына байланысты қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін осындай арнаулы салық режимін қолдану басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шарттарды сақтамай, осы тармақта көрсетілген салықтық өтінішті табыс етеді.

Бұл ретте қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін осындай арнаулы салық режимін қолдану басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті салықтық өтініш беру қажет.

Осы арнаулы салық режиміне көшуге ниет білдірген тұлғалар Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған нысан бойынша хабарламаны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы да, пошта арқылы да немесе тікелей қағаз жеткізгіште Салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына ұсына алады.

Мемлекеттік кіріс органдары хабарлама нысанын пысықтағаннан кейін тиісті мерзімдерде бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне көшу туралы хабарлама ұсынған салық төлеушілерді ауыстыру қамтамасыз етілетін болады.

 Үкіметтің 2021 жылғы 2 ақпандағы №30 Қаулысымен бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін 114 қызмет түрлері анықталды. 

 

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!