Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсынудың кейбiр мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 579 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- 02.04.2018
- |
- 0
- |
- 1106
- |
Дата письма 30.03.2018
Дата рассмотрения до: 05.04.2018
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсынудың кейбiр мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 579 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсынудың кейбiр мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 579 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16014 болып тіркелген және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының 163-5 және 163-9-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін құжаттардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімнің үлгілік нысаны бекітілсін.».
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Комментарии