Бүгінгі техникалық оқу барысында Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі №214-VIII Салық кодексінің 133-бабына сәйкес салықтарды
- Налогообложение в Казахстане
- Налогообложение в мире
- О налоговых программах
- СМИ о нас
- Статьи гос. органов
- 24.11.2026
- |
- 0
- |
- 27
- |
Дата письма 19.11.2026
Құрметті әріптестер!
Бүгінгі техникалық оқу барысында Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі №214-VIII Салық кодексінің 133-бабына сәйкес салықтарды, төлемақыларды және өсімпұлды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу тәртібіне тоқталғым келеді.
Біріншіден, 133-баптың негізгі мақсаты.
Аталған бап салық төлеушілердің қаржылық жағдайын ескере отырып, салықтық міндеттемелерді орындау мерзімін өзгерту мүмкіндігін қарастырады.
Бұл ретте екі негізгі ұғым бар:
- Кейінге қалдыру – салық төлеушіге тиесілі соманы біржолғы төлеу мерзімін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру.
- Бөліп төлеу – тиісті сомаларды белгіленген кезеңдерде тең үлестермен төлеу мүмкіндігін беру.
Кейінге қалдыру мерзімі 6 айдан аспайды, ал бөліп төлеу мерзімі 36 айдан аспайды. Деңгейлес мониторингке қатысушылар үшін арнайы мерзімдер көзделген.
Екіншіден, кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу қандай жағдайларда беріледі?
Салық кодексінің 133-бабының 2-тармағына сәйкес, салық төлеушінің қаржылық жағдайы салықты белгіленген мерзімде төлеуге мүмкіндік бермегенімен, кейінгі кезеңде төлеу мүмкіндігі бар екеніне жеткілікті негіздер болған жағдайда берілуі мүмкін.
Атап айтқанда, мынадай негіздер көзделген:
1. Еңсерілмейтін күш жағдайлары салдарынан салық төлеушіге залал келтірілуі.
2. Тауар өндіру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету қызметінің маусымдық сипатта болуы.
3. Дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаның мүліктік жағдайы салықты біржолғы төлеуге мүмкіндік бермеуі.
4. Соттың берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдауы.
5. Салық төлеуші қызметінің стратегиялық маңызы бар экономика саласына жатуы.
6. Салық төлеушінің қосымша салықтық есептілік ұсынуы.
7. Салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген сомалармен келісуі.
Үшіншіден, қандай салықтар бойынша беріледі?
Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ұсынылған салықтық есептілік бойынша есептелген, сондай-ақ салықтық тексеру нәтижесінде есепке жазылған тиісті салықтар, төлемақылар және өсімпұл бойынша қолданылуы мүмкін.
Алайда Кодекстің 133-бабының 3-тармағында кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге жатпайтын салықтар мен төлемдердің жекелеген түрлері нақты көрсетілген.
Төртіншіден, салық төлеушінің міндеттемелерін қамтамасыз ету тәртібі.
133-баптың 4-тармағына сәйкес, кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу:
- мүлік кепілінсіз және банк кепілдігінсіз;
- салық төлеушінің немесе үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қою арқылы;
- банк кепілдігін ұсыну арқылы берілуі мүмкін.
Бұл ретте деңгейлес мониторингке қатысушылар үшін бөлек тәртіп қарастырылған.
Бесіншіден, кейінге қалдырудан немесе бөліп төлеуден бас тарту негіздері.
133-баптың 7-тармағына сәйкес, салық төлеуші белгіленген талаптар мен тәртіпке сәйкес келмеген жағдайда, оған кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу беруден бас тартылуы мүмкін.
Сондай-ақ өтініш берілген күнге дейінгі екі жыл ішінде бұрын берілген кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мерзімдерін бұзу салдарынан оның мерзімінен бұрын тоқтатылуы да бас тартуға негіз болады.
Алтыншыдан, берілген кейінге қалдырудың немесе бөліп төлеудің тоқтатылуы.
133-баптың 8-тармағына сәйкес, оның қолданысы:
- белгіленген мерзім аяқталған кезде;
- салық төлеуші барлық соманы мерзімінен бұрын толық төлеген кезде;
- заңды күшіне енген сот актісі бойынша;
- белгіленген төлем мерзімі бес жұмыс күнінен астам уақытқа бұзылған кезде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Қорытынды
Қорытындылай келе, Салық кодексінің 133-бабы салық төлеушілердің қаржылық жағдайын ескере отырып, салықтық міндеттемелерді орындауға қосымша мүмкіндік беретін маңызды құқықтық норма болып табылады.
Сондықтан салық органы қызметкерлері салық төлеушілердің өтініштерін қарау барысында аталған баптың талаптарын басшылыққа алып, әрбір жағдайды заңнамада белгіленген негіздер мен талаптарға сәйкес қарастыруы қажет.
Назарларыңызға рақмет!
Техникалық оқу кезінде есте ұстайтын негізгі мәліметтер
|
Кейінге қалдыру |
6 айға дейін |
|
Бөліп төлеу |
36 айға дейін |
|
Деңгейлес мониторингке қатысушы |
12 айға дейін |
|
Бұрынғы төлем тәртібін бұзуды тексеру кезеңі |
2 жыл |
|
Төлем мерзімін бұзғаны үшін мерзімінен бұрын тоқтату |
5 жұмыс күнінен астам |
Заңнамалық негіз: ҚР 2025 жылғы Салық кодексінің 133-бабы.
Комментарии