Банктік шоттардағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алу

  • 21.06.2023
  • |
  • 0
  • |
  • 377
  • |
  • 0

Управление государственных доходов по

Алматинскому району г. Астана

Отдел взимания

 

Взыскание задолженности в бюджет за счет денег, находящихся на банковских счетах.

Налоговый орган взыскивает в принудительном порядке с банковских счетов налогоплательщика суммы налоговой задолженности в случае неуплаты или неполной уплаты сумм налоговой задолженности налогоплательщиком, отнесенным в соответствии с системой управления рисками к категории: высокого уровня риска, – по истечении пяти рабочих дней со дня вручения уведомления о погашении налоговой задолженности; среднего риска, – по истечении двадцати рабочих дней со дня вручения уведомления о погашении налоговой задолженности. 

Взыскание суммы налоговой задолженности с банковских счетов налогоплательщика, открытых в банке второго уровня или организации, осуществляющей отдельные виды банковских операций, производится на основании инкассового распоряжения налогового органа, за исключением суммы денег, являющихся обеспечением по займам, выданным таким банком второго уровня или организацией, осуществляющей отдельные виды банковских операций, в размере непогашенного основного долга указанного займа.  

Инкассовое распоряжение составляется налоговым органом на основе данных о сумме налоговой задолженности на дату его составления.

При исполнении банком второго уровня или организацией, осуществляющей отдельные виды банковских операций, инкассового распоряжения с одного банковского счета налогоплательщика инкассовые распоряжения, выставленные на другие банковские счета налогоплательщика, открытые им в указанном банке второго уровня или организации, осуществляющей отдельные виды банковских операций, возвращаются в налоговый орган без исполнения, если такие инкассовые распоряжения выставлены той же датой, на ту же сумму, по тому же виду задолженности. 

При полном исполнении банком второго уровня или организацией, осуществляющей отдельные виды банковских операций, инкассового распоряжения путем списания денег с нескольких банковских счетов налогоплательщика на общую сумму, указанную в таком инкассовом распоряжении, инкассовые распоряжения на другие банковские счета налогоплательщика, открытые им в указанном банке второго уровня или организации, осуществляющей отдельные виды банковских операций, выставленные той же датой, на ту же сумму, по тому же виду задолженности, возвращаются без исполнения.

Инкассовое распоряжение выставляется по форме, утвержденной Национальным Банком Республики Казахстан, и содержит указание на тот банковский счет налогоплательщика, с которого производится взыскание сумм налоговой задолженности.

Налоговый орган направляет инкассовое распоряжение в банки второго уровня, на бумажном носителе или в электронной форме посредством передачи по сети телекоммуникаций. В случае отсутствия денег на банковском счете налогоплательщика в национальной валюте взыскание налоговой задолженности производится с банковских счетов в иностранной валюте на основании инкассовых распоряжений, выставленных налоговыми органами в национальной валюте.

При достаточности денег клиента в банке второго уровня или организации, осуществляющей отдельные виды банковских операций, для удовлетворения всех требований, предъявленных к клиенту, инкассовое распоряжение о взыскании суммы налоговой задолженности исполняется банком второго уровня или организацией, осуществляющей отдельные виды банковских операций, в первоочередном порядке и не позднее одного операционного дня, следующего за днем получения указанного распоряжения, в пределах сумм, имеющихся на банковском счете.

В случае отсутствия или недостаточности денег на банковских счетах налогоплательщика при предъявлении к клиенту нескольких требований банк второго уровня, производит изъятие денег клиента в счет погашения налоговой задолженности по мере поступления денег на такие счета и в порядке очередности, установленной Гражданским кодексом Республики Казахстан.

При закрытии банковского счета налогоплательщика банк второго уровня, в соответствии с законодательством Республики Казахстан возвращает указанное инкассовое распоряжение в соответствующий налоговый орган вместе с уведомлением о закрытии банковского счета налогоплательщика.

Инкассовые распоряжения отзываются налоговым органом не позднее одного рабочего дня, следующего за днем погашения налоговой задолженности.

 

Банктік шоттардағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алу

Салық органы салық төлеушiнің банктік шоттарынан салықтық берешек сомасын тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес: тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші салықтық берешек сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң;тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші салықтық берешек сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алады.

Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейтiн банктік шоттарға қолданылмайды. Салық төлеушінің екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған банктік шоттарынан салықтық берешек сомасын өндіріп алу, осындай екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, көрсетiлген қарыздың өтелмеген негiзгi борышы мөлшерiнде салық органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.

Салық органы инкассалық өкімді оны жасау күнгі салықтық берешек сомасы туралы деректер негізінде жасайды.Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің бір банктік шотынан инкассалық өкімді орындаған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) көрсетілген екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банктік шоттарына шығарылған инкассалық өкімдер, егер мұндай инкассалық өкімдер сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарылған болса, салық органына орындалмай қайтарылады.

Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің бірнеше банктік шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару арқылы осындай инкассалық өкімді толық орындаған кезде, салық төлеушінің көрсетілген екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған басқа банктік шоттарына сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарылған инкассалық өкімдер орындалмай қайтарылады. Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен нысан бойынша шығарылады және салық төлеушінің салықтық берешек сомаларын өндiрiп алу жүргiзiлетiн сол банктік шотын көрсетуді қамтиды.

Салық органы инкассалық өкімді екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда телекоммуникация желілері бойынша беру арқылы жібереді. Электрондық нысанда инкассалық өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес қалыптастырылады.

Салық төлеушiнiң банктік шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда, салықтық берешекті өндіріп алу салық органдары ұлттық валютада шығарған инкассалық өкiмдер негiзiнде шетел валютасындағы банктік шоттардан жүргізіледі.

Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің екінші деңгейдегі банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасы жеткілікті болған кезде салықтық берешек сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімді екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіппен және көрсетілген өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банктік шоттағы сомалар шегінде орындайды.

Клиентке бiрнеше талап қойылған кезде салық төлеушiнiң банктік шоттарында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осындай шоттарға ақша түсуiне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртібімен салықтық берешекті өтеу есебіне клиенттiң ақшасын алып қоюды жүргiзедi.

Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің банктік шоты жабылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген инкассалық өкімді тиісті салық органына салық төлеушінің банктік шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге қайтарады.Салық органы салықтық берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей инкассалық өкімді кері қайтарып алады.

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!