Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы

  • 30.07.2019
  • |
  • 1
  • |
  • 10085
  • |
  • 0

Дата письма 30.07.2019

Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік-экономикалық дамуы

     “Қазақстан — 2030” стратегиясында көрсетілгендей,  соңғы  жылдары республикада тұрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалып отыр. Тек 2000—2002 жылда­ры жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 35,5 пайызды құрады. Сату- атты макроэкономикалық саясат еліміздің халықаралық беделін едәуір көтеруге жағдай жасады. Қазақстан бұл жылдары ТМД елдерінің арасында жан басына шаққанда шетелдік инвестициялар тарту жөнінен көш бастады. Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді: Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде 25,8 миллиард долларды құрады, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1- орынды алады. 1994 жылдан 2007 жылдың аяғына дейін еліміз өз экономикасына әлемнің 60 елінен 70 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартты. Бүгінде Орталық Азияға келген барлық инвестициялардың 80%  Қазақстан еншісінде. Ал экономикаға қосылған ішкі инвести- циясының көлемі қазіргі күні 80 миллиард доллардан асып түсіп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан басқа елдерден келген инвестиция көздерін өз экономикасын көтеру ісіне тиімді пайдалана отырып, енді басқа елдерге де инвестиция сала алатын донор мемлекетке ай- налды. Қазір оның қаржысы Ресей мен өңірдегі елдерге, Түркия мен Кавказ елдеріне, Қытай жэне басқа да алыс-жақын шет ел экономи­касына салынып жатыр (Егемен Қазақстан. 15.12.2008). Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау жағдайында болган аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді. Әлемдік рынокқа шығу және әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірісу қамтамасыз етілді. (Н.Назарбаев. Жаңа кезең — жаңа экономика.— Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2004). Осының нәтижесінде республика экономикасының барлық дерлік салаларында, әсіресе, ауыл шаруашылығында, сауда мен қызмет көрсету саласында жеке меншік секторы басым бола түсті. Нарықтық экономиканың жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор үлесін серпінді ұлғайту болып табылады. Оның мүмкін болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық қатынас салаларына кеңінен қатысуы айрықша нарықтық мінез-құлық қалыптастырды. Әсіресе, шағын кәсіпкерліктің дамуын атап көрсетуге тұрарлық. “Қазақстан — 2030” бағдарламасын жүзеге асыру барысында тәуелсіз еліміздің басты табыстары мен жетістіктері — мемлекет- тің қауіпсіздігін нығайту және экономикалық өрлеу болды. Бұл барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуіне, әл-ауқатының артуына кең өріс ашты. Қазір біздің республикада нарықтық экономиканың іргесі қаланып қана қойған жоқ, сонымен қатар барлық қазақстандықтардың игілігі үшін ішкі ресурстары мол әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты нышандары қалыптасты.

      Кәсіпкерлік — күнкөрісіміздің көзіне айналды. күрт азайып кетті. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемінің бес- тен бір Дамыған елдердегідей “кәсібің — нәсібің” деген ұстаныммен өмір сүруге көштік. Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп түрған нарықтық экономика бар.

     Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды.

Автор: Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!