Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы
- 29.05.2018
- |
- 0
- |
- 3130
- |
Дата письма 29.05.2018
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы
24-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу
1-тармақтың осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақты жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары осы Заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша агенттердің төлеуіне жатады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден:
1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар босатылады.
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден агент:
1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;
2) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін босатылады.
4. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақтың 6) тармақшасы 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 №483-V Заңымен.
6) халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға және (немесе) жастар практикасына жіберген жұмыссыз азаматтар үшін босатылады.
5-тармақтың осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақты жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.
6-тармақтың осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
6-тармақты жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін табысқа ақшалай мәніндегі еңбекақының барлық түрлері және өзге де табыстар енгізіледі.
7-тармақтың бірінші абзацының осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
7-тармақтың бірінші абзацын жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2020 бастапқолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Ұстап қалған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға:
1) дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар жұмыскерлерге төленген табыстардан – табыстар төленген айдан кейiнгi айдың 25-күнінен кешiктiрмей;
2) дара кәсiпкерлер (осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өзінің пайдасына – есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей;
3) арнайы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде;
4) оңайлатылған декларация негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын шағын бизнес субъектiлерi – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзiмде;
5) патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында патент құнын төлеу үшiн көзделген мерзiмде;
6) Мемлекеттік корпорация – әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей;
7) сақтандыру ұйымы – жалақыдан (табыстан) айырылумен байланысты зиянды өтеу ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асыратын айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударады.
8-тармақтың осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
8-тармақты жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есебіне жазылған өсiмпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
9. Мiндеттi зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.
10. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болмауына байланысты тұратын жері белгiсiз бұрынғы жұмыскерлердiң табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын агенттер 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн есебіне жазылған өсiмпұлмен қоса, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн бюджетке аударады. Бұл ретте 2005 жылғы 1 қаңтардан кейiн есебiне жазылған өсiмпұл есептен шығарылуға жатады.
Бюджетке аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдардың сомаларын – бұрынғы жұмыскерлер, ал олар қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен деп танылғаны немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда мұрагерлерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес талап ете алады.
11. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері агенттер ретінде қаралуы мүмкін.
Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 №483-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Автор: Главный специалист отдела принудительного взимания - Утеулиева А.А.
Комментарии