«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы No 229 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

  • 19.10.2022
  • |
  • 0
  • |
  • 538
  • |
  • 0

Дата рассмотрения до: 01.11.2022

«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы No 229 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы»;

1-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын, оған мыналар қосылмайды:»;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес

жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер;».

2. Осы Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Скачать приложение

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!