«Авиациялық қауіпсіздік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- 08.11.2019
- |
- 0
- |
- 797
- |
Дата письма 04.11.2019
Дата рассмотрения до: 17.11.2019
«Авиациялық қауіпсіздік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиациялық қауіпсіздік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 514 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11344 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Әуежайдың авиаациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
12 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары http://caakz.com/ru/ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде интернет-ресурсында орналастырылған.»;
14 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 61-31-92, Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі "Азаматтарға арналған үкімет" мемелекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемкорпорация) филиалдары арқылы беріледі.»;
9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің электрондық көшірмесі (ұшу құрамының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға);»;
9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1. ЭМК беруден уәкілетті ұйым мынадай:
1) ЭМК алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) ЭМК беру үшін қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) ЭМК алу үшін талап етілетін келісім туралы сұрау салуға Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарының теріс қорытындысы бойынша бастартады.»
12 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары http://caakz.com/ru/ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде интернет-ресурсында орналастырылған.»;
15 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 61-31-92, Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.»;
«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мынандай редакцияда жазылсын;
«Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мынандай редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
Комментарии