Қате есептелген немесе анықталмаған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке алу тәртібі
- 30.10.2018
- |
- 0
- |
- 3390
- |
Дата письма 30.10.2018
Қате есептелген немесе анықталмаған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке алу тәртібі
Қате есептелген, анықталмаған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы №306 Бұйрығымен бекітілген «Дербес шоттарды жүргізу ережесіне» сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджетті орындау бойынша уәкілетті органынан алынған төлем құжаттары бойынша қате түсімдерді есепке алу қате есептелген, анықталмаған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді тіркеу журналында жүргізіледі.
Есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлға күн сайын қате төлем құжаттарының тиістілігін анықтау бойынша жұмыс жүргізеді, содан кейін дербес шотқа есепке алу жазбасын жүргізеді немесе салық төлеуші (салық агенті) тіркелген сол немесе басқа мемлекеттік кіріс органына қате есептелген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді қайтаруды немесе есепке жатқызуды жүзеге асырады, ол туралы Қате есептелген, анықталмаған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді тіркеу журналында тиісті жазба жасалады.
Қате төленген сомалар анықталған және салық төлеуші қате төленген сомаларды есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға өтініш бермеген жағдайда есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлға салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомаларының туындау себептері туралы хаттама жасайды, соның негізінде қате төленген сомаларды есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізіледі.
Қате түсімдерді есепке жатқызу және (немесе) қайтару белгіленген тәртіпте Салық кодексінің 103-бабы 3-тармағында белгіленген мерзімдерде, осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес төлем тапсырмасының негізінде бюджетті орындау бойынша уәкілетті органның аумақтық органы арқылы.
Қате есептелген кедендік төлемдер мен салықтарды, өсімақыларды есепке жатқызу және (немесе) қайтару кедендік төлемдер мен салықтарды, өсімақыларды төлеу орны бойынша кеден органы берген бюджетке кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімақылардың артық (қате) төленген сомасы бар екендігін растау негізінде жүргізіледі.
Қате есептелген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жатқызу бір бюджет кірісі сыныптамасының кодынан басқасына және/немесе бір мемлекеттік кіріс органынан басқасына жүргізіледі.
Үш банк күнінің ішінде есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлға бюджет кірістерінің жіктемесіне сәйкес салықтар мен бюджетке міндетті басқа да төлемдерді одан әрі есептеу үшін келіп түскен салықтар мен бюджетке міндетті басқа да төлемдердің тиістілігін анықтауды жүзеге асырады.
Банктер немесе банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қате қосарлама аударған жағдайларда бюджеттен салық және басқа да міндетті төлемдерді қайтару егер көрсетілген сомалар бір төлем құжатымен расталса, (сол салық кезеңі үшін салықтың (төлемнің) сол түрі бойынша сол сомада) мемлекеттік кіріс органдары мынадай тәртіпте жүргізеді.
Банктер немесе банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мемлекеттік кіріс органына мынадай деректемелерді көрсете отырып, негізделген салық және басқа да міндетті төлемдерді қайтаруға өтініш береді:
1) қате аударым күні;
2) төлем құжатының нөмірі, күні
3) салық төлеушінің атауы, БСН/ЖСН;
4) бюджет кірістері жіктемесінің коды;
5) бенефициар;
6) бенефициардың БСН-і, ЖСК, бенефициар банкінің БСК;
7) салық (төлем) сомасы.
Банктер немесе банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген құжаттардың негізінде мемлекеттік кіріс органы салық төлеушілердің банк шоттарынан және/немесе банктердің немесе банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шоттарынан салық бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларының қосарлама аударылуын растауды жүргізеді.
Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің қосарлама аударылуы расталған жағдайда өтініш және қосарлама аударуды растау негізінде банктерге немесе банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қайтаруды жүргізу қажет.
Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) дербес шоттарындағы бюджеттен көрсетілген соманы қайтару туралы бюджетті орындау бойынша уәкілетті органның аумақтық органдарынан есептер мен төлем құжаттарын алғаннан кейін "Қайтарылды" бағанында тиісті жазба жүргізіледі.
Автор: Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының талдау және есеп бөлімінің бас маманы Жолдас С.Ж.
Комментарии