Алматы қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы

  • 01.06.2018
  • |
  • 0
  • |
  • 2756
  • |
  • 0

Номер письма 01.06.2018

Алматы қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы

 Тәуелсіздік күні қарсаңында Наурызбай аудандық мемлекеттік кіріс басқармасы құрылды.

Алматы қаласының Наурызбай ауданында ашылған мемлекеттік кіріс басқармасында жаңа аудан тұрғындарына сан түрлі қызмет көрсетуді жоспарлаған. Аудан тұрғындарының басым бөлігіне жеңілдетілген декларациямен қызмет көрсетіледі.

– Аумағы 1 мың 600 шаршы метрді құрайтын біздің орталық кедергісіз орта қағидатымен жұмыс істейді. Біз де банктегідей қызмет көрсетеміз. Бұл – осы қалыптағы алғашқы аудан. Мұнда модератор, анықтама терезесі жұмыс істеп, сан алуан кеңес беріледі. Ауданда 1 405 астам заңды, 5000 астам  жеке тұлға тіркелген, Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының басшысы Алтынбаев Али Сапаргалиевич.

Басқарма ғимаратында «Қазпошта» бөлімшесі орналасқан. Басты міндет     заңдылықты түсіндіру. Аталған ауданда мемлекеттік кіріс басқармасының ашылуы Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасының 7-тұжырымындағы «Интеграция­ланған қалаға» сәйкес келеді.

        Алматы қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 "Қазақстан Республикасының "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      

     1. Алматы қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілді

      1) кірістер – 448 017 039 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:

      салықтық түсімдер – 388 531 749 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 4 414 417мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 177 089 мың теңге;

      трансферттер түсімдері – 48 893 784 мың теңге;

      2) шығындар – 467 501 574,5 мың теңге;

      3) таза бюджеттік несие беру  – 9 879 067 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 20 237 885 мың теңге, оның ішінде:

      қаржы активтерін сатып алу – 22 177 032 мың теңге;

      5) бюджеттік дефицит – - 49 601 487,5 мың теңге;

      6) бюджет дефицитін қаржыландыру – 49 601 487,5 мың теңге.



2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен алымдар  есебінен құралады

      жеке табыс салығынан;

      әлеуметтік салықтан;

      заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан;

      жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;

       жер салығынан;

      заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтан;

      жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтан;

      бірыңғай жер салығынан;

      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттiң және (немесе) шарап материалының, алкоголь өнімдерінің барлық түрлерiне акциздерден;

      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны акциздерінен;

      жер бетіне жақын көздердегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдерден;

      жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемнен;

      қоршаған ортаға эмиссия үшін  төлемнен;

      жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алымнан;

      аукциондардан алынатын алымнан;

      республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнаманы және республикалық маңызы бар қалаларда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақыдан;

      жергілікті бюджетке төленетін тіркелу алымынан;

      тіркелген салықтан;

      жергілікті бюджетке төленетін мемлекеттік баждан.

     

 3. Сонымен қатар, Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтық емес түсімдерден және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерден де құралады:

 

      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінен;

      коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне берілетін дивидендтерден;

      коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістерден;

      республикалық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістерден;

      республикалық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалға беруден түсетін кірістерден;

      қарыз алушы банктерге жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерді сатудан түсетін түсімдерден;

      бұрын жергілікті бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттарды қайтарудан;

      жергіліктік бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдерден;

      азаматтарға пәтерлер сатудан;

      жер телімдерін сатудан;

      жер телімдерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемдерден.

     

 4. Салықтық және салықтық емес төлемдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, бюджеттік кредиттерді өтеу Алматы қаласының қазынашылығындағы қалалық бюджеттің есебіне толық аударылады деп белгіленді.

     

5. 2018 жылға арналған республикалық бюджетке бюджеттік алымдардың көлемдері 102 907 355 мың теңге сомасында белгіленді

     

 Алматы қаласы бюджетінің кіріс бөлігі толық орындалмаған жағдайда, республикалық бюджетке бюджеттік алымдар қалалық бюджеттің кіріс бөлігінің орындалу пайызына сәйкес ай сайын жүргізіледі.

     

   6. Қала бюджетінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру 4 897 652 мың теңге сомасында бекітілді.

Автор: Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық тіркеу бөлімінің бас маманы Д.К.Копабаева

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!