2019 жыл ішінде толықтай онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануға көшіру жүзеге асырылады.

  • 19.02.2019
  • |
  • 3
  • |
  • 1106
  • |
  • 0

Дата письма 19.02.2019

2019 жыл ішінде толықтай онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануға көшіру жүзеге асырылады.

 

2018 жылдың 23 желтоқсанынан «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 1029 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) күшіне енеді. Аталған Бұйрық 2019 жыл ішінде тоқсан сайын салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі – онлайн-БКМ)  қолданатын  қызмет түрлерін ұлғайтуды қарастырады.

2019 жыл ішінде онлайн-БКМ қолдануға 633 қызмет түрі тоқсан сайын 2019 жылдың 1 сәуірінен 323 қызмет түрі, 2019 жылдың 1 шілдесінен 86 қызмет түрі, 2019 жылдың 1 қазанынан 224 қызмет түрі өтеді. Осылайша, 2019 жыл ішінде толық онлайн-БКМ қолдануға көшіру жүзеге асырылады.

Онлайн-БКМ қолдану бойынша талап, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге таратылмайтынын ескерген жөн.

          БКМ қолдану тәртібі Салық кодексінің 166-бабымен реттеледі.

         ҚР Салық кодексінің 166-бабының 1 - тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледі

         Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан:

         1) жеке тұлғалар

         2) адвокаттар мен медиаторлар

         3) қызметін:

         патент негізінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;    

         ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін;

         бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер  (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;

         4) билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;

         5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;

         6) екінші деңгейдегі банктер босатылады.

Қазақстан Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсанындағы №827 қаулысымен Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын. Бағдарламаның мақсаты – цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасының бәсекелестігін және халық өмірінің сапасын арттыру. Бұл жасалып жатқан жұмыстар осы бағдарлама негізінде жүзеге асырылып жатқанын атап өткен жөн. 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 323 қызмет түрі  бойынша Алматы қаласында 16 577 салық төлеуші (21 287 бақылау-касса машинасы) онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануға көшуі керек. Бұл тізімге автомобильдер мен жеңіл автомобильдерді  жалға алу және жалға беру, діни ұйымдар қызметі, сақтандыру агенттерінің және брокерлерінің қызметі, жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату, газет басып шығару, киім өндіру, химиялық тазалау және бояу т.б. қызмет түрі кіреді. Ал 2019 жылдың  7 ақпан жағдайы бойынша Алмалы ауданында 3 377 салық төлеуші 4 615 ескі бақылау-касса машиналарын есептен шығарып, онлайн бақылау касса машиналарын тіркеуге міндетті.

Онлайн БКМ-ды енгізу көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге және бюджетке төленетін салықтардың өсуіне өз ықпалын тигізеді. Қазіргі таңда Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында жоғарыда аталған тиісті салық төлеушілерге онлайн бақылау касса машиналарын тіркеу міндеттілігі жөнінде хабарламалар жіберілуде, сонымен қатар барлық салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы
№604 қаулысына сәйкес жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (
Pos-терминал) қолдануға келесі қызмет түрлері міндетті екенін хабарлаймыз:

1)                Автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету; 2) Көтерме және бөлшек сауда; 3)Қонақ үйлердің қызмет көрсетуі; 4) Мейрамхана қызметтерін көрсету, тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлері мен сусындар беру; 5) Әуе және теміржол көлігіне жол жүру құжаттарын (билеттерді), багаж және жүк-багаж түбіртектерін сату; 6) Жүктерді көліктік өңдеу, қоймаға жинау мен сақтау жөнінде қызмет көрсету, тасымалдау жөніндегі қосымша көрсетілетін қызметтер мен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер; 7)Туризм саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын туристік операторлардың және өзге де ұйымдардың қызметі (туристік агенттерден басқа); 8) Сақтандыру саласындағы қызмет; 9) Денсаулық сақтау саласындағы қызмет; 10) Білім беру саласындағы қызмет; 11) Кинофильмдерді, бейне және телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет, кинофильмдерді көрсету; 12) Фитнес, спорттық клубтар, дискотекалар қызметі; 13) Құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет; 14) Боулинг (кегельбан) және бильярд бойынша қызмет көрсету.

Автор: Главный специалист отдела администрирование ИП УГД по Алмалинскому району г.Алматы Молдахметов Алмаз Матайбекович

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!