100 нақты қадам Ұлт жоспарының салық жүйесіне арналған бағыттары
- 06.12.2018
- |
- 0
- |
- 1574
- |
Дата письма 06.12.2018
100 нақты қадам Ұлт жоспарының салық жүйесіне арналған бағыттары
Қазақстан егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына да, міне, ширек ғасырға аяқ басты. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді. Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Бес институттық реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары болып табылады. Ұлт Жоспары елімізге «2050» Стратегиясын жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды жүйелі емдеу болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негізін қалайды.
Соның ішінде үшінші институттық реформа «Индустрияландыру жəне экономикалық өсім» деп аталады. «100 нақты қадамда» салыққа қатысты бірнеше қадамдар бар, атап айтқанда, 37-қадамда «Салық және кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру», 39-қадамда «Кеден және салық жүйелерін интеграциялау. Тауар салық салу мақсатында Қазақстан аумағына кірген кезеңнен бастап оны сатқанға дейін бақылауға алынады», 42-қадамда «2017 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік қызметкерлер үшін, одан әрі барлық азаматтар үшін кірісті және шығысты жалпы жариялауды кезең-кезеңмен енгізу», 43-қадамда «Салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру. Орталық салық төлеушілердің электронды құжаттарының бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндігіне ие болады. Декларанттар салықты бақылау бойынша шешім қабылдау үшін тәуекел санаттарына бөлінетін болады. Жариялауды бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейтін болады», 44-қадамда «Жанама салық салу тетіктерін жетілдіру. Қосылған құн салығының орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу», 45-қадамда «Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы қолданыстағы салық режімін оңтайландыру» міндеттері күн тәртібіне қойылған.
Ел экономикасының қос қанаты – салық пен кеден Ұлт жоспарының нақты қадамдарына іспен жауап беруге тиіс. Өйткені, біз, алға бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу міндетін қойғанбыз. Ол жетістікке қол жеткіздік. Дүниежүзілік институттар барлық көрсеткіштер бойынша табыстарымызды көрсетіп отыр. Елбасы өркендеген отыз елдің қатарына қосылу туралы жаңа міндет қойды. Ал аталған Ұлт жоспарын дамыған отыз елдің қатарына ену жолында жасалып жатқан тағы бір үлкен қадам деп түсінгеніміз абзал.
Автор: Главный специалист юридического отдела Барахан Ұ.Е. Управления государственных доходов по Алатаускому району г. Алматы.
Комментарии