Упрощенка и спец. режимы
Налоги для "избранных"
алық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртіб | |
---|---|
zhetysu
Жетысу УГД
|
Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі. Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңның 213,214 баптары бойынша Заңды және жеке тұлғалар тоқтата тұру(ұзарту,қайта бастау) тәртібі. 1. Салық төлеушінің (салық агентінің) осы бапта айқындалған тәртіппен салықтық өтініш негізінде: 1) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға; 2) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзартуға; 3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салықтық есептілікті ұсынуды қайта бастауға құқығы бар. Салық төлеуші (салық агенті) өзінің тұрған жері бойынша салық органына: 1) қызметті тоқтата тұру немесе қайта бастау немесе салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, салықтық өтінішті ұсынады. Салықтық өтініш: қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда – алдағы кезеңге; қызметті қайта бастау немесе салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін ұсынылады; 2) қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда – салықтық кезеңнің басынан бастап салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтық есептілікті ұсынады. Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі салықтық өтініш ұсынылғаннан кейін басталатын болса, онда осындай есептілікті ұсыну салықтық өтініш ұсынылатын күнге дейін жүргізіледі; 3) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті ұсынады. Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі, оны ұзартуды ескергенде, осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспауға тиіс. Мерзімді ұзарту жалпы мерзім ескеріле отырып, салықтық өтініште көрсетілген кезеңге жүзеге асырылады. 2. Салық органы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруды (ұзартуды, қайта бастауды) жүргізуге немесе салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудан бас тартуға міндетті. 3. Тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы мәліметтер осындай шешім қабылданған күннен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсына жарияланады және салықтық өтініште көрсетілген кезең үшін салықтық есептілікті ұсынбау үшін негіз болып табылады. 4. Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудан бас тарту салық төлеушіде (салық агентінде): 1) өтініш берілген күнге салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек; 2) мыналарды: талап қоюдың ескіру мерзімін ескере отырып, осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген салықтық есептілікті; осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті ұсынбау фактісі; 3) осы Кодекстің 91-бабына сәйкес салық органының әрекетсіз деп тану фактісі; 4) салық органы жіберген, орындалмаған хабарламалар болған жағдайларда қабылданады. 5. Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудан бас тартылған жағдайда, салықтық есептілік осы Кодексте айқындалған тәртіппен ұсынылады. 6. Қызметті тоқтата тұру кезеңінде салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін қайта бастау фактілерін анықтаған жағдайда, салық органдары аталған тұлғаларды хабардар етпестен, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін қызмет қайта басталған күннен бастап тоқтатылды деп таниды. Осы тармақтың мақсаттары үшін, осы бапқа сәйкес қызметін тоқтата тұрған салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына алып келетін қызметті жүзеге асыруды бастауы қызметтің қайта басталуы деп танылады. 7. Осы баптың ережелері: 1) патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерге; 2) ойын бизнесі салығын төлеушіге; 3) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушіге; 4) арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғары салық төлеушіге (салық агентіне); 5) мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салықтық есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды. Патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі 1. Дара кәсіпкер осы бапта айқындалған тәртіппен салықтық өтініш негізінде: 1) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға; 2) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзартуға құқылы. Қызметті тоқтата тұру немесе патент құнының есеп-қисабын ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, дара кәсіпкер өзінің тұрған жері бойынша салық органына салықтық өтінішті ұсынады. Салықтық өтініш: қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда – патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін алдағы кезеңге; есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда – қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін ұсынылады. Есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі, оны ұзарту ескерілгенде, есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұру мерзімі басталған күннен бастап үш жылдан аспауға тиiс. 2. Салық органы салықтық өтініш берілген күні есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұруды (ұзартуды, қайта бастауды) жүргізуге немесе есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұрудан бас тартуға міндетті. 3. Есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы мәліметтер осындай шешім қабылданған күннен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады және салықтық өтініште көрсетілген кезең үшін есеп-қисапты ұсынбау үшін негіз болып табылады. 4. Есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұрудан бас тарту дара кәсіпкерде: 1) салықтық өтініш берілген күнге салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болған; 2) талап қоюдың ескіру мерзімін ескере отырып салықтық есептілікті ұсынбау фактісі; 3) салық органы жіберген орындалмаған хабарламалар болған жағдайда қабылданады. 5. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, дара кәсіпкер қызметті тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін қызметін қайта бастаған болып танылады. 6. Дара кәсіпкер қызметін қайта бастаған күннен бастап алдағы кезеңге есеп-қисапты салық органына беру арқылы қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметін қайта бастауға құқылы. 7. Есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұру кезеңінде оны ұсынған кезде дара кәсіпкер осы есеп-қисапта көрсетілген қызметтің басталған күнінен бастап қызметін қайта бастаған болып танылады. 8. Патенттің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде салықтық өтінішті немесе кезекті есеп-қисапты ұсынбаған кезде дара кәсіпкер осы Кодекстің 67-бабында айқындалған тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылуға жатады. 9. Қызметті тоқтата тұру кезеңінде дара кәсіпкердің қызметін қайта бастау фактілері анықталған жағдайда, салық органы дара кәсіпкерді жазбаша хабардар ете отырып, есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұру мерзімін қызметті қайта бастаған күннен бастап тоқтатылды деп таниды. Осы тармақтың мақсаттары үшін, осы бапқа сәйкес қызметін тоқтата тұрған дара кәсіпкердің салықтарды, бюджетке төленетін төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу жөніндегі міндеттемелерінің туындауына алып келетін қызметті жүзеге асыруды бастауы қызметті қайта бастау деп танылады. 10. Осы баптың ережелері мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салықтық есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды. ҚР Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңның 213,214 баптарына сәйкес келген жағдайда ғана салық есептілігі тоқтатылады. Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы Мендибаева Г.Г.
от 21.12.2024 11:40
|
Авторизуйтесь для ответа в теме